Шуы көп болса да, Қайрат Нұртас – ең көп табыс тапқан әншілердің алғашқысы

2
3093

«Forbes Kazakhstan» және Muzzone телеарнасы ең табысты шоу-бизнес жұлдыздарының тізімін жариялады.

Бір жылда бірнеше жеке концертін беретін 24 жастағы Қайрат Нұртас көш басында. Ол  бір жылдың ішінде 2 миллион доллардан астам қаржы тапқан көрінеді.

Қайраттың өз өмірі туралы түсірілген «Өкініш» фильмі 600 мың АҚШ долларын жинаған. Талантты жастың биыл шыққан шыңы жалғыз бұл емес. Қазан айында Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде жеке бутигін ашып, бизнесмендер қатарына да қосылып үлгерген. Арманы да алыста. Қайрат өз атымен аталатын әуе желесін ашуды болашаққа қалдырып отыр.

 

«Forbes» тізімі бойынша екінші орында жылдық табысы 1,4 миллион долларды құраған боксшы әрі күш-жігері жағынан бес боксшының тізіміне ілікен Геннадий Головкин тұр. Спортшы биыл төрт тартыста ұмытылмас өнер көрсетіп, ол үшін бір жарым миллион долларға жуық қаржыны қалтасына салды.

 

Үшінші орында продюсер, тележүргізуші Баян Есентаева тұрақтаған. Кірісі бір жарым миллион. Мәселен Баян көптеген жобаларының ішіндегі «КешYou » тобы үшін 480 мың доллар табыс табады екен.

 

Баян Есентаевадан кейін тізімде әнші, модель әрі өзін дизайнер ретінде де ұсынып үлгерген Лидо тұр. Жылдық қаржысы 500 мың доллар.

 

Ал қайырымдылықпен айналыстаны Дильназ Ахмадиева бір жылда 768 мың доллар тапқан.

 

Сегізінші орында – «Ринго» тобының продюсері Алуа Қонарова.

 

Табыстары бірнеше долларға шыққандардың қатарында әнші Айқын да, «Жігіттер» тобы да бар. Атақты төрттіктің Алматыда өткен концерттерінде билеттен түскен түсім 20 миллион теңгеге дейін жетті деген сөз бар. Жылдық кірістері 400 мың доллар.

 

Сондай-ақ Али Оқапов үш дуэт жазып, фильмдерге саундтрек жазып, 288 мың доллар қаржы жинапты.

 

Сүйкімді актриса Әсел Сағатова да осы жылы 193 мың доллар тапқан.

«Форбс» журналы

 

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз