Маңғыстаудың мұнайы таусылса не болмақ?!

0
956

Жақын болашақта Маңғыстаудың мұнайы таусылады деген сөзге сенбеу керек. Себебі, дұрыс игере алса, түбек түбіндегі қара алтынның қоры әлі де шексіз.

Ес білгелі мұнайдың ішінде өскен Алик Айдарбаев астаналық тілшілерге осылайша өз жорамалын жеткізді. Бұрын- соңды мемлекеттік қызметте істеп көрмеген әкім облысты басқару қиын шаруа екен дейді.

«Жауапкершілігі көп екен, бұрынғы жұмысым ондай емес еді», – деді ол.

Жалпақ елге әлі де танылып үлгермеген Маңғыстаудың әкімінен елордалық тілшілер жеке мүлкін, қандай үйде тұратындығын да сұрастырды. Бірақ, жиынды өткізуші қазаншының еркіне салып, бұл сұрақтарды алып тастады.

Ал, кезінде қыруар ақша бөлініп, кейіннен қаңырап қалған «Ақтау сити» секілді шағын қаланың тағдырына қатысты сұраққа Алик Айдарбаев «Ақтау қаласы өсе береді. Сондықтан, тұрғын үйлер де салына береді» деп екі ұшты жауап қатты.

Шекаралас аймақтағы темір, су және көлік жолдары толық ашылғанда бұл өңірдегі азық-түліктің де бағасы әлде қайда арзандарына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Жаңаөзен жарасының жазылуына уақыт қажеттігін, зардап шеккендерге қолдау, көмек көрсетіле берілетіндігін айтып өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз