Туиттер әлеуметтік желісінің рекорды

imagesНью-Йорк қор биржасында 13 пайыз акциясын сатқан Твиттер әлеуметтік желісі рекорд жасады, деп хабарлайды trtkazakh.com Құнды қағаздардың бағасы болжанған 26 доллардан 50 долларға дейін артып кеткен. 2 миллиард 100 миллион доллар табыс табуды көздеген Твиттер фирмасы бұдан екі есе көп табыс табады деп жоспараланып отыр. 7 жылдан бері табыс табуды мақсат етпеген фирма үшін бұл үлкен жетістік болып саналатыны анық. Өткен жылы Фейсбуктың 16 миллиард долларлық акциясы саудаға түскенін айта кетейік. Google де 2004 жылы 1 миллиард 920 миллион доллар табыс тапқан болатын. Мамандар Твиттердің толық құнын 14 миллиард 400 миллион долларға бағалап отыр.

bnews.kz