Келесі жылдан бастап Алматы одан әрі көркейіп, зәулім ғимараттарға толмақ

be533982a89c1f1d52e7e8d434dКелесі жылдан бастап Алматының Райымбек, Рысқұлов көшелері мен одан төмен орналасқан Алатау ауданы танымастай болып көркейіп, зәулім ғимараттарға толмақ. Келесі жылдан бастап жасақталатын Алматы қаласының жаңа бас жоспарына сай соңғы жылдары ажары сұрланып кеткен шаһарымызды тура осындай өзгерістер күтіп тұр. Мұндай мәлімдемені бүгін 6-шы қалақұрылыстық форум аясында қала басшысы Ахметжан Есімов хабарлады. "Алматы- әсем қала" деген атаудан жұрдай болып отырған қаламыздың солтүстік аймағына жаңадан жасақталатын бас жоспарда ерекше көңіл бөлінбек. Ташкентская, Рысқұлов көшелері мен Алатау сынды сұрықсыз ықшам аудандарды көріктендіріп, бұл аймақтағы инфраструктураны дамыту қолға алынбақ. Сонымен қатар, қала құрылысын іске асыруда жекеменшік қолдарға өтіп кеткен зәулім ғимараттар кедергі келтіріп отырған көрінеді. Себебі аталмыш нысандарды не сүріп тастауға, не көркеутуге қожайындары келісе бермейтін сыңайлы. "Бұдан былай қала әкімдігі мен қала құрылыс кеңесі кезінде бас жоспарға кірмей қалған қаламыздың төменгі аймақтарына көбірек көңіл бөлмек. Себебі Алматы қаласының орталығы мен жоғарғы жағына ғана көркем болып қоймай, толығымен сән-салтанаты жарасып тұруы керек", - дейді қала құрлысы кеңесінің мүшесі Тимур Сүлейменов.

31 арна