Қай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары?

129Қазіргі таңда түрлі саладағы жақсы-жаманды, даму мен артта қалуды анықтау үшін салыстыру, жаңаша терминмен айтсақ рейтинг көп септігін тигізеді.

Қазақстан облыстарының даму қарқынын өзара салыстыру үшін де осындай рейтинг жүргізіліпті. Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінде Жамбыл облысы бірінші орында келеді.

 Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан жүргізілген 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінің нәтижесі бойынша Жамбыл облысы республика өңірлерінің арасында бірінші орынды алды.

Жамбыл облысы Әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, соңғы 3 жылда өңірлік өнім облыста 33 пайызға өсті. Оның ішінде 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,8 деңгейінде болды. Осы орайда былтыр аймақ үшін оның сомасы рекордтық көлемге жетіп 764 млрд. теңгені құрады.