Қазақстандықтардың ақшалай кірістері ұлғайыпты

1321355219_tengeТамыз айындағы есеп бойынша, қазақстандықтардың қалтасына түсетін кірістің құныорта есеппен 53 339 теңгені құрайды екен. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 7%-ға өскен. Алайда, аталмыш статистика бүкіл қазақстандықтарға қатысты деп айту артық. Өйткені, кіріс көзі  көбінесе Атырау, Алматы және Астана қаласының тұрғындарында ғана өскен. Аймақтар бойынша, бірінші орында Атырау тұр. Кірістің ұлғаю көрсеткішіне қарама-қарсы, кірісі азайған аймақтар – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары. Аймақтардың халыққа түсетін қаражаты  республикалық деңгейдің  62,6% — 79,1% -ын ғана құрап отыр. Алматы мен Астанаға Қазақстанның бүкіл аймағынан тұрғындардың ағылуының бірден-бір себебі осы болса керек.

qazaquni.kz