Мемлекет меншігі мықты кепіл

666

Қостанай облысында жер телімдері қайтадан мем­лекет меншігіне өтуде. Мәжілісте осы мәселеге қатысты біршама мәліметтер келтіріліп, өңірдегі биылғы жылғы астық жинау науқаны талқыланды. Тексеріс жұмысы нәтижесінде 297,4 мың гек­тар жердің келісімшарты бұзылып, мемлекет қарамағына өткен. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 721 мың гектар, яғни, 749 жер телімі мемлекеттің қарамағына қайтарылды.

Соның 241 мың гектары жыртылған жер болса, 468 мыңы жайылымдық. 11 мың гектардағы 21 жер телімінің иесі жоқ деп есепке қойылды. 340 жер телімі ауыл шаруашылық айналымына енсе, 47,3 мың гектар­ды алып жатқан 46 жер телімінің құжаттары аймақтық жер инспекциясына берілді.

Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Абдуовтың пікірінше, аймақтық жер инспекция­сы кепілдікте тұрмаған жер телімдерін келісімшартты бұзу арқылы мемле­кет меншігіне қайтару барысында 53,6 мың гектар жер теліміне қатысты 26 келісімшарттың күші жойылды. Ал, жал­пы аумағы 21,3 мың гектар болатын 27 жер телімі кепілдікте тұр. Соның 14-і Меңдіқара, 11-і Арқалық, Аманкелді және Қарабалық аудандарында бір жер телімі кепілдікке қойылғандықтан, келісімшартты бұзу Қазақстан Республи­касы Жер Кодексінің 81 бабы бойынша мүмкін емес. Пайдаланылмаған жердің 8 пайызы, яғни, 58,3 мың га жер әлі де болса мемлекет меншігіне қайтарылмаған.

Сондай-ақ, үй құрылысын жүргізуге берілген жерлерді тексеру барысында 1125 жер телімі өзге мақсатта пайдаланылғаны анықталған. Осы тұста облыс бас­шысы келісімшартты бұзуға қатысты жүргізілетін байқауларда әр жер телімі заңды түрде түгенделуі керектігін тапсыр­ды. Сондықтан, жер телімін қайтару шара­сы ашық түрде өткізілуі керек, сонда ғана халықтың ойында еш күмән болмасы анық.

2013 жылдың бірінші шілдесіндегі мәліметке сүйенсек, ауыл шаруашылық және жеке қожалықтағы жыртылған жер 5931,2 мың гектарды құрады. Қамысты, Меңдіқара және Федоров аудандарындағы жыртылған жер толығымен пайдаланылса, қалған аумақтардың жалпы есебі бойынша 215 мың гектар жер қажетке жаратылмай тұр.

Қостанай облысындағы 4219,5 мың гектар жайылымдық жердің 1937,7 мың гектары мал бағу үшін бөлінген болса, 227,2 мың гектарында ауыл шаруашылық дәнді- дақылдары себілген. 450,3 мың гектар жер жемшөп әзірлеу мақсатында қолданылуда. Аманкелді, Әулиекөл, Денисов аудан­дарында жайылымдық жердің аздығы көрсетілсе, Науырзым, Жанкелдин, Фе­доров аудандарында жайылымдық жер қажетті деңгейде пайдаланылмайтындығы анықталған. Себебі, кейбір жер иелері мал­дарын кәсіпорын атынан көрсетпейді екен.

Тағы бір жәйт, агрөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Сыбаға», «Агробиз­нес-2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асуы қажетті мәселелердің кейбірі ақсап тұр. Бұл жердегі себеп, бағдарламалардың толығымен бір жүйеге келтірілмегендігінде болып отыр. Сондай-ақ, кейбір ша­руалар жерлерді толығымен жыртып, ауылшаруашылық дақылдарын сеуіп тастаған. Осы себепті де ауыл адамдары малдарын қайда жаярларын білмейді.

Жер алу бүгінгі күні кез келген адамның басты мәселесіне айналды. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге зер салсақ, жердің өте тиымсыз қолданылып отырғанын аңғарамыз. Бұған жол бер­мес үшін жер телімдеріне уақытында тексеріс жүргізіп, назарда ұстау керек. Осы уақытқа дейін пайдаланылмаған жерлердің иелері енді оны қажетке жарат­пайтыны белгілі. Сондықтан, оларды жерге мұқтаж жандарға немесе мемлекет кәдесіне жаратсақ құптарлық іс болар еді.

Ғабиден БЕКМАҒАМБЕТОВ,

«Ақ жол» ҚДП ҚОФ ұйымдастыру мәселелері

жөніндегі маманы.

Гүлнұр ӨМІРЖАНҚЫЗЫ,

өз тілшіміз