Ашық конкурс жариялайды

0
768

 

«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімінің инспекторы қызметіне (1орын) ашық конкурс жариялайды (санаты G-13)

Функционалдық міндеті:
Мемлекеттік қызметте болып алдын- ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін білетін, ұжым арасында тіл табыса білетін, халыққа сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, жер қатынастары бө-лімінің қызмет көрсету нысандарының саясатын іске асыру шараларын ұйымдастыру.
Электрондық үкімет бағдарламасын халыққа қызмет көрсететін кәсіпорын­дарда іске асыру мақсатында оның жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
Бөлімнің кіріс және шығыс журналдарын, шаруашылық кітаптарымен жұмыс жүргізеді. Жер учаскесіне рәсімделген сәй-кестендіру құжаттарын тіркеу және халыққа қызмет көрсету орталығына уақытылы жолдауды қамтамасыз етеді. Бөлімге келген сұраныс хаттар бойынша уақытында жауап қайтарады. Компьютермен жұмыс жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талап:
Білімі жоғары және арнаулы орта. Арнау-лы орта болған жағдайда кәсіби біліктілігі және еңбек тәжірбиесі болуы шарт. Компьютерде «Excel», «Word»-та жұмыс істей білуі.
«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады:

1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көр­сетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші:
2. Жеке басын куәландыратын құ-жаттардың көшірмесі:
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4. Лауазымға қойылатын біліктік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміт-керлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік ме-кемесінің конкурстық комиссиясынан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.

Мекен-жайы:
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы,

Д. Тәжиев көшесі, аудандық әкім ғимараты, 2 қабат.
Анықтама алу үшін телефондар:
8(72932) 2-12-35, 2-20-84.

№21(582), 5 маусым,2013

«Қазақ үні» газеті

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз