Хабарландыру

0
1289

«Төлеп селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі инспекторы (бала күтімінде отырған инспектордың орнына) қызметіне (1 орын) ашық конкурс жариялайды ( санаты G-10)

Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметте болып алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын, қабілеті мен әдістерін білетін, ұжым арасында тіл табыса алатын, халықпен сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, Төлеп селосы әкімінің қызмет көрсету нысандарының саясатын іске асыру шараларын ұйымдастыру.
Электрондық үкімет бағдарламасын халыққа қызмет көрсететін кәсіпорын­дарда іске асыру мақсатында оның жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
Село әкімі аппаратының кіріс және шығыс журналдарын, шаруашылық кітаптарымен жұмыс жүргізеді. Сайлаушылар тізімі тағы да басқа ішкі жұмыстарымен айналысады. Компьютермен жұмыс жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары.Компьютерде «Excel», «Word» – та жұмыс істей білуі.
«Төлеп селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты.
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Төлеп селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жаряланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.

Мекен-жайы:
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп селосы Ә.Махутов көшесі, село әкімшілік ғимараты анықтама алу үшін телефон
8 (72932)32-3-43

 

 

 

 

 

«Бейнеу аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімнің инспекторы қызметіне
(1 орын) ашық конкурс жариялайды 

Функционалдық міндеттерi:
Мемлекеттiк қызметте болып халықпен қарым-қатынаста жұмыс жасаған, алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын, қабiлетi мен әдiстерiн бiлетiн, ұжым арасында тiл табыса алатын, халықпен сөйлесу қабiлетi бар, жағдайға бейiмделгiш, бiлiмiн көтеруге ынталы, саналы болу, сәулет және құрылыс саласын iске асыру шараларын ұйымдастыру.
Электрондық үкiмет бағдарла­масын халыққа қызмет көрсететiн кәсiпорындарда iске асыру мақ­сатында оның жұмысын ұйым­дастыру және үйлестiру.
Құрылыс қызметін көрсету нысандарының саясатын іске асыру шараларын ұйымдастыру, Салынып жатқан құрылыс нысандары және пайдалануға берілген жекеменшік тұрғын үйлер жөнінде облыстық басқармаға есеп жасау, Бөлімге түскен хаттармен жұмыс жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары немесе арнаулы орта. Компьютерде «Ехсеl», «Word», «АUTO CAD», «АВС-4», «Sana» бағдарламаларында жұмыс істей білуі.
Конкурсқа қатысушылар:
«Бейнеу аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бас‑ тап, төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4. Лауазымға қойылатын білік­тілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшір­мелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Медициналық куәлан­ды­рудан өткені туралы құжаты.Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжат­тарды қабылдау мерзімі аяқтал­ғаннан кейін «Бейнеу аудан­дық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бас­тап 15 күнтізбелік күн.

Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Досан Тәжіұлы көшесі, аудан­дық әкімдік ғимараты, 2-қабат.
Анықтама алу үшін телефон: 8(72932)-2-13-67, 2-54-14.

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз