Хабарландыру

0
1101

 

«Тұрыш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бос тұрған нұсқаушы-әдіскер лауазымына (1орын) ашық конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеті:
Селолық округ аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және жап­пай демалатын орындарында спорттық оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді және оған басшылықты, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары немесе арнаулы орта. Компьютерде «Excel», «Word» бағдар­ламаларымен жұмыс істей білу.
Конкурсқа қатысушылар:
«Тұрыш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады.
1. Белгіленген нысандағы өтініш.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлік көшірмесі.
3. Кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы.
4. Білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда
белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері.
5. Еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген
тәртіппен куәландырылған көшірмелері.
6. Денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Тұрыш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде конкурстық комиссиядан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі-конкурс өткізу туралы хабарландыру жа­рия­ланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.

Конкусрқа қатысушылар мына мекен-жайға хабарласуға болады.
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы. Тұрыш селолық округі әкімі аппа­раты­ның ғимаратына.
Анықтама телефоны: 8(72959)33-310.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз