Хабарландырулар

  1.  «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімнің инспекторы қызметіне (1 орын) ашық конкурс жариялайды (санаты G-13). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 29730 теңгеден 35747 теңге аралығында. Функционалдық міндеттері: Аудандағы ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының дамуына барынша қолдау жасау. Ауыл шаруашы­лы­ғына байланысты аудан көлеміндегі шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылықты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және ауыл шаруашылығының дамуына талдау жасап, мони­торингін жүргізіп отыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білімі жоғары немесе арнаулы орта. Компьютерде «Excel», «Word»-та істей білуі. Конкурсқа қатысушылар: «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады: 1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құ­жаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінен конкурстан өтеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жа­рияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғимараты, 4 қабат. Анықтама тел/факс: 8 (729) 32 225 50. Конкурстық комиссия.   2. «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі бөлімнің инспекторы қызметіне (2 орын) ашық конкурс жариялайды.  Функционалдық міндеттерi: Мемлекеттiк қызметте болып халықпен қарым-қатынаста жұмыс жасаған, алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын бiлетiн, қабiлетi мен әдiстерiн бiлетiн. Ұжым арасында тiл табыса бiлетiн, ха­лықпен сөйлесу қабiлетi бар, жағдайға бейiмделгiш, бiлiмiн көтеруге ынталы, саналы болу, тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары қызметiн көрсету нысандарының саясатын iске асыру шараларын ұйымдастыру. Аудандағы тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындарда жұмыс iстейдi, олардың қызметтерiне талдау жасайды. Халықты сумен, газ­бен, жылумен қам­ту, тұрғын үй, автомобиль жолдары мәселелерiмен айна­лысады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білімі жоғары немесе арнаулы орта. Компьютерде «Ехсеl», «Word»-та жұ­мыс істей білуі. Конкурсқа қатысушылар: «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады: 1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғимараты, 2 қабат Анықтама алу үшін телефон 8 (729) 32 222 68. 

"Жас қазақ үні" газеті, 

№ 52,  12 желтоқсан, 2012 жыл