Энергия үнемдейміз деп қоршаған ортаны ластап алмаймыз ба?

Энергия үнемдеуші шамдардың қоршаған ортаға, денсаулыққа әке­лер зиянын көпшілік біле бермейді, білсе де істен шыққан шам­дарды арнаулы орындарға өткіз­бейді. Люминесцентті энергия үнем­дейтін шамдар әдеттегі қолда­нылып жүрген шамдарға қара­ғанда үлкен айырмашылықтары бар. Біріншіден тоқ көзін 5 есе үнемді жұмсайды, екіншіден жұ­мыс істеу уақыты 20 есе ұзақ. Бірақ, бұл энергия үнемдеуші шамдардың бір үлкен кемшілігі, шыны іші сынап буымен тол­тырылған. Әрине ол шамдарды қолданғанда ағзаға әкелер еш­қандай зияны жоқ, бірақ ол сынатын болса немесе істен шы­ғып қоқыс жәшігіне лақтырылса, онда шынысы сынып, сынап буы ауаға тарайды. Сынап буы қауіп­ті улы заттардың жіктелуінде «А» тобына жатады, яғни өте улы зат. Сынап буы иіссіз зат, концен­трациясы не бәрі 0,25 мг/м3 сынап буы бар ауамен тыныс алған кезде, сынап буы өкпеде қалып қойып, сонда жиналады. Ал егерде сынап буының кон­центрациясы одан да көп болса, теріден тікелей сіңіп жалпы қан айналымына енеді. Сонымен қа­тар бауыр, бүйрек, ішек құрылыс­тары мен жүйке жүйелерін зақым­дайды. Сынаптың ауадағы ең жоғар­-ғы мүмкін концентрациясы 0,0003мг/м3 болса, ал энергия үнемдеуші шамдардағы сынап мөл­шері 1-70мг дейін болады. Егер, Қазақстан да басқа да­мыған елдер сияқты энергия үнем­деуші шамдарға көшетін болса және энергия үнемдейтін орындар, мысалы, былтыр Шым­кент қаласында энергия үнем­дейтін өндіріс орны ашылғанын есепке алатын болсақ, сынаптың ауадағы мөлшері қанша есе өсе­тінін байқау қиын емес. Бұл мәселенің көтерілгеніне көп болса да, әлі көпшілік қауым энергия үнемдеуші шамдардың ағзаға әкелетін зияны жайлы біле бермейді. Ал білген күннің өзінде оны арнаулы орынға апарып тап­сыру қажет екенін біле тұра, қо­қыс жәшігіне тастайтындар қан­шама. Қазіргі таңда, Қазақстанда сынабы бар приборларды өдейтін орындар өте аз. Мысалы, Алматы қаласында сынабы бар при­бор­ларды, шамдарды қабылдап, өңдейтін екі орын бар. Олардың толық мекен жайын қалалық әкім­шіліктен немесе ғаламтордан білуге болады. Әркім өз қалтасын ойлап энергияны үнемдеп, қор­шаған ортаны ластай беретін болса, келешегіміз не болмақ? Бұл мәселеге менің қосар ойым, бұл мәселеге тек экологтар ғана бас қатырмай энергия үнем­деуші шамдарды шығаратын өндіріс орындар да атсалысса екен. Олар шығаратын шамдар­дың қорабының сыртына шамдар істен шыққан соң оларды арнаулы өңдейтін орындарға тап­сыру қа­жет екенін және қоршаған ортаға қандай залал әкелетінін жазса екен деп ұсынамын. Әрине бір мұ­нымен мәселе шешіле қой­майды, бұған қазақ халқының са­насына қоқыстарды сұрыптап тастау салты сіңе қоймағанын ескерсек. Сол себепті халыққа бұл мәселені кеңінен жеткізіп, жедел түрде шаралар қолдану қажет деп ойлаймын. Г.Жуманова, химия ғылымдарының кандидаты