НЕСИЕ БЕРУ үшін БАНКТЕР 40 мың долларға дейін СЫЙАҚЫ ТАЛАП ЕТЕДІ...
2012 ж. 27 наурыз
2965
1
Депутаттық сауал
Қазақстан Республикасы Ұлттықбанкінің төрағасы Г.А. Марченкоға
Сондықтан, кәсіпкерліктің мемлекет бөлген қаражатқа қол жеткізуінің
әділ де, ашық механизмін жасау өте маңызды.
Құрметті Григорий Александрович!
Қазіргі кезде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру жүргізіліп жатыр, ол осыған ұқсас 2009 және 2010 жылдар бағдарламасын іске асырудың қисынды жалғасы ғана емес, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, оны дағдарыстан кейін дамытудың дәйекті кешенді шарасы болып табылады. Экономиканың дәстүрлі шикізат секторындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар (бастамашылары ұлттық және жүйе құрушы компаниялар болып табылады) шағын және орта бизнестің нақты секторында қазіргі заманғы өңдеуші өндірістерді құру қажет. Осы тұрғыдан жеке бизнесті мемлекеттік қолдаудың өзінің межелі жеріне, яғни неғұрлым толық көлемінде кәсіпорындардың өздеріне жетуі өте маңызды. Өкінішке орай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өндірістік бизнесті қолдауға бөлінген қаражат мүлде тиімсіз пайдаланылып жатқандығы, мұның өзі бұл бағдарламаны іске асырудың бұрмаланып жатқандығы және мемлекеттік органдар жария еткен мақсаттардың орындалуы күмән туғызатындығы туралы «Ақ жол» партиясына ескертпе хабарлар келіп түсуде. Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың негізгі арналары ретінде екінші деңгейдегі банктер әрекет ететін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде олардың жекелеген жосықсыз қызметкерлері бөлінген қаражатты кәсіпорындарға жеткізуге емес, өздерінің кірістерін негізсіз молайтуға тырысады. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау құралдарын банктер арқылы пайдаланған кезде көбінесе мына проблемаларға шағым айтады:- Сұратылатын құжаттар санын және тиісті мемлекеттік бағдарламалар мерзімін бұзып, кредит шарттарын ресімдеу мерзімдерін (кейде бір жылға дейін) жөнсіз ұзартып жіберу;
- Қызмет көрсеткені үшін бағдарламаларда көзделмеген және тиісінше банктер жария етіп таратқан ақпараттарда мәлімделмеген қосымша комиссиялардың болуы;
- Декларацияланғаннан жоғарылатылған нақты пайыздық мөлшерлемелер;
- Форс-мажорлық себептерге байланысты (заңнама, мемлекеттік органдар әрекеті өзгерген және с.с.) қарыз алушы қиын жағдайға душар болған кезде кредиттерді қайта құрылымдаудан банктердің бас тартуы;
- Банк бөлетін кредит сомасынан 2-3 есе асып кететін құнымен кепіл мүлкін талап ету;
- Жобаларды банктің жалпы коммерциялық шарттарымен кредиттеуді ұсынумен пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жағдайында оларды қаржыландырудан бас тарту.
Құрметпен, «Ақ жол» партиясы
парламенттік фракциясының депутаттары
А. Перуашев, А. Әбілдаев, Н. Жазылбеков,
М. Қазбекова, Е.Никитинская,
А. Рысқали, С. Сәрсенов, А. Тұртаев
2012 ж. 14 наурызда жария етілді
"Жас қазақ үні" газеті
www.qazaquni.kz
ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ БЕРУДІ СУБСИДИЯЛАУ туралы ұсынысты қарауды ұсынамыз
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Тұрғын үй құрылысы – Қазақстанның 2030-шы жылға дейінгі Даму стратегиясының басты бағыттарының бірі. Ол жалпыұлттық сипаттағы аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Жеке меншік үй сатып алу - әрбір отбасы үшін бірінші кезектегі қажеттілік. Ипотека тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймайды, сонымен бірге инвестициялық бағытты дамыту, яғни жақсартудың маңызды тетігі де болып табылады. Қазақстанда ипотекалық несиелік серпіліс кезеңі 2006-2007 жылдарда болды, оған жылжымайтын мүлік бағасының шарықтауы (2007 жылы Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 2500-3000 АҚШ долларын құрады), сондай-ақ әлемдік қаржылық дағдарыс әсер етті. Қазақстанда дағдарыс, әсіресе, жылжымайтын мүлікке әсерін тигізгені бәрімізге мәлім. Ипотекалық несие беруді тоқтату жылжымайтын мүлік нарығының күйреуіне әкеп соқты. Қазақстанда әлемдік экономикалық дағдарыс басқаларға қарағанда бюджет саласының өкілдеріне (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері т.б.) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына ауыр тиді.Өйткені ипотекаға салу үшін белсенді түрде ақша салған топ осы адамдар болатын. Шағын қалалар мәселелері жеке тоқталуды талап етеді (Жаңаөзен, Сәтбаев, Жезқазған, Теміртау, Балқаш т.б.). Әлемдік дағдарыс салдарынан шағын қаладағы жалғыз кәсіпорынның өтім көлемінің және өнім бағаларының төмендеуі, адамдардың еңбек ақысының азаюы мен жұмыссыздыққа әкеліп соқты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк секторында жеке тұлғаларға берілген қарыздардың үштен бірі NPL немесе мерзімі өткен несиесі, яғни бастапқы несиелік келісімнің шарттары орындалмаған несиелерге жатады. Егер Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктерінің бөлшек қарыздары бойынша мерзімі өткен несиелердің динамикасына қарайтын болсақ, 2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 2011жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25%-ға ұлғайғанын байқауға болады. Екінші деңгейдегі банктердің мерзімі өткен бөлшек қарыздарын талдаған жағдайда, сол қарыздардың негізгі үлестік салмағы 2007 жылы берілген несиелерге келіп тірелетінін көрсетеді. Осы айтылғандарды ескере отырып және Қазақстандағы ипотекалық несие берудің құқықтық салдарын талдай келе, Қазақстан Республикасы Үкіметіне Ұлттық Банкпен бірге ипотекалық несие беруді субсидиялау туралы ұсынысты қарауды ұсынамыз. Атап айтқанда: - Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа нарықтық құнын 1300-1400 АҚШ доллары деңгейінде есептеп, ал өңірлерде саралау жолымен ипотекалық несиелер бойынша берешекті тіркеу; - аталған есепті негізге ала отырып, берешекті 10%-ға және одан төмен жылдық ставкамен 20 жылға қайта қаржыландыру; - бір шаршы метрінің құны 500-400 доллардан аспайтын есеппен айырманы мемлекеттік қаражат есебінен өтеу. Банктер жоғарыда аталған шектен асқан сомаларын өздеріне залалға жатқызсын. Бұл ретте, шағын қалалар үшін өтемақы сомасы несие сомасынан 50 % -ға артық көзделсін. Осы шаралар: - қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға (отбасы мүшелерін есептемегенде, шамамен 20 мың қарыз алушыны); - жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға; - жетекші банктердің ссудалық портфельдерінің сапасын жақсартуға, демек, банк секторын жалпы сауықтыруға әкеледі, бұл екінші деңгейдегі бакнтердің ШОБ (шағын отра бизнес) алдындағы бәсеке қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы шара неғұрлым халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар мультипликатор тиімділігіне де әкеп соғады, өйткені жоғарыда аталған қаражат қайтарымсыз болып табылмайды, себебі несиелік ауыртпашылықты алып тастауға байланысты тұтыну сұранысын арттыру жолымен экономиканы жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл іс-шара егер Қазақстанда іс-жүзіне асатын болса, басқа дамыған деген Еуропа, Солтүстік Америка елдеріне үлгі бола алады. Еліміз қоғамды кешенді әлеуметтік қорғаудың халықаралық этолонына айналады. Жауабын заңнамада белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймыз. Құрметпен, Мәжіліс депутаттары А. Әбілдаев, С. Сәрсенов 2012 жылы 14 наурызда жарияланды