БОРЫШКЕРЛЕР шалағай МАРЧЕНКОҒА ШҮЙЛІКТІ...

«Баспана халықта қалсын» қоғамдық қозғалысының мүшелері, яғни банк борышкерлері бүгін Алматыда кезекті наразылық шарасына шықты. Олар Ұлттық Банк ғимаратының алдына жиналды. Борышкер Бақыт Сүлейменованың айтуынша, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченко биыл 13 қаңтарда Мемлекет басшысына хат жолдаған. Онда несиені дұрыс төлемей жүрген борышкерлерді соттардың қолдап отырғаны туралы айтылыпты. Сондай-ақ, Ұлттық Банк төрағасы керісінше борышкерлерге қатысты заңдарды қатайтқысы келеді.Осы ретте борышкер Лариса Бояр: «Марченко «сіздер банкпен келісім арқылы жұмыс істеп отырсыздар. Қалай келіскен болсаңыздар, солай жасаңыздар» дейді. Солай дей тұра, банктердің де келісім жасау барысында кейбір шалағайлықтарға жол бергенін мойындады. Енді келіп сот ісіне араласпасын. Бұған хақысы да жоқ» деді. Аталған қозғалыстың Алматыда 600-ден астам мүшесі бар екен. Борышкерлер Ұлттық Банк алдына жиналғанымен, бүгінгі талаптарын Г.Марченкоға емес, ҚР Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісіне жолдады. «Марченко мырза бізді айналып өтіп, Мемлекет басшысына хат жолдады. Сондықтан біз де әрекетімізді оның сыртынан жасаймыз» дейді олар. http://www.janaozen.net *тақырыпқа өзгеріс енгізілді