Қазақстан Стати ісі бойынша Белгия сотында ұтылып қалды
2019 ж. 26 желтоқсан
1590
0
Брюссель соты молдавиялық бизнесмендер Анатола мен Габриель Статидің пайдасына шешім шығарып, Қазақстан үкіметін Ascom Group SA компаниясына 540 млн доллар төлеуге міндеттеді, деп жазады PR Newswire сайты.
Брюссель соты өз шешімінде қазақстандық тараптың бұрын қабылданған шешімдер туралы барлық шағымына теріс жауап қайырып, 36 мың еуро көлеміндегі шығынды өтеуге үкім шығарған. Сот Қазақстанның алаяқтық туралы шағымын қанағаттандырмаған. Бір күн бұрын Люксембург соты осыған ұқсас ұйғарым қабылдап, Қазақстан үкіметінің барлық шағымын қанағаттандырмаған.
Бұдан бөлек, Стати тарабының талабы бойынша Қазақстанның BNY Mellon компаниясындағы 530 млн доллар көлеміндегі қаржысын бұғаттау ісінің процессі жүріп жатыр.
Дереккөз: Qamshy.kz