Қазақстан алтын қоры жөнінен Сауд Арабиясын басып озды
2019 ж. 12 тамыз
5473
0
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 15-орында тұр. Дүниежүзілік алтын кеңесінің ақпаратынша, құнды металл қоры жыл басынан бері 30 тоннаға ұлғайған, - деп хабарлайды 24.kz.
Осылайша тамыз айының басында еліміздегі алтын көлемі 375 тоннадан асқан. Жалпы Дүниежүзілік алтын кеңесінің тізіміне 17 мемлекет кірген. Алтын қоры бойынша АҚШ пен Германия көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Халықаралық валюта қоры жайғасты. Ал көрші Ресей мен Қытай мемлекеттері алтыншы және жетінші орында. Алтын қоры бойынша Қазақстан биыл Сауд Арабиясын басып озды. Араб елі тізімнің ең соңында тұр.
Күзде Apple компаниясының акциялары қымбаттайды деген болжам бар. Қыркүйек айында компания телефондарының жаңа түрін ұсынады. Өнімнің жетілдірілген модельдері кәсіпорын табысын еселейді дейді мамандар. Бұған қоса, Apple жасанды инттеллект пен көлік саласындағы технологияларға мол қаржы құйып келеді. Сондықтан компанияның әлеуеті жоғары. Болжам бойынша олардың акциялары 18 процентке қымбаттайды. Сарапшылар инвестиция құюға тиімді деп тапқан компаниялар қатараныда Facebook бар. Қолданушылардың жеке басына қатысты ақпаратты таратты дегенге қарамастан, әлеуметтік желі басшылары АҚШ-тың Федерералдық сауда комиссиясымен болған байланысын реттеуде. Биыл Facebook-тің табысы16,9 млрд долларды құраған. Инвестициялық тартымды бағыттарыдың бірі авиация саласы. Сарапшылар күзде Boeing компаниясының акцияларынан да мол үміт күтеді. Құнды қағаздар нарығында әуе кемелерін құрастыруышы кәсіпорынның акциялары 26 процентке қымбаттауы мүмкін.
Елімізде жарты миллионға жуық адам жұмыссыз жүр. Бұл туралы Экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады. Зерттеулерге сай, соңғы екі айда жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіштері өзгермеген. Шілдеде жұмыссыздар саны 440,9 мың адамды құрады. Яғни халықтың 4,8 % бос жүр. Статистика мәліметтеріне сәйкес, Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы шілде айының соңында 170 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Дегенмен, елімізде кәсібін тауып еңбек етіп жүргендер де аз емес. Республика экономикасында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың көбі жалдамалы жұмысшы.