Қазақстанның сыртқы қарызы 157,6 миллиард доллар
2019 ж. 26 шілде
6338
0
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрамындағы елдердің жалпы сыртқы қарызы бір жыл ішінде 8,2% төмендеді деп хабарлайды abai.kz.
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Одақтың жалпы сыртқы қарызы 684,5 миллиард доллардан асқан. Ал 2018 жылғы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 745,4 миллиард доллар болған. Бұл мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссия да растапты.
Ресей Федерациясы өзінің сыртқы қарызын бір жыл ішінде 9,9%-ға дейін азайтқан. Қазіргі уақтағы Ресейдің сыртқы қарызы 468,8 миллиард доллар екен.
Ал, Қазақстанның сыртқы қарызы 5,4% -ға төмендеп, 157,6 млрд долларға жеткен. Оның 100,8 млрд доллары фирмалар арасындағы несие.
Сондай-ақ, Беларуссияда сыртқы қарыздың төмендеуі байқалады. Яғни Белорусияның сыртқы қарызы бір жыл ішінде 2,5% -ға төмендеп, 2019 жылдың 1 сәуірінде 38,7 млрд долларды құраған.
Ал, Қырғызстанның қарызы бір жылда 4% артып, 8,3 миллиардқа жеткен. Арменияның қарызы 2,6% өсіп, 11,1 миллиард доллар болған.
LS сайты бұған дейін Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің 2019 жылғы 1 қаңтарда сыртқы қарызы туралы инфографиканы жариялаған болатын. Ондағы мәлімет бойынша, Қазақстанның осыған дейін БАӘ, Германия және Оңтүстік Корея алдындағы қарызы артқандығы туралы жазылған.