Қазақстандықтарға зейнетақы аударымдарының жаңа талаптарын түсіндірді
2019 ж. 25 шілде
5301
0
Еңбек министрлігінде БЖЗҚ-ға аударылатын жарна туралы жаңа талаптарға қатысы жоқ тұлғалардың тізімін жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жаңа өзгертулердің барлық жұмыс істейтін адамдарға, олардың ішінде жеке кәсіп пен және жекеменшік практикамен айналысатын тұлғаларға қатысы бар. Азаматтық-құқықтық тәртіпте жұмыс істеп, қызмет көрсететін тұлғаларға; зейнеткер жасындағы тұлғаларға; әскери қызметкерлер мен әлеуетті құрылымдарға; қызмет еткен жылдары үшін зейнетақы төлемін алатын адамдарға; ай сайын өмірлік асырауға арналған қаражатты алатын отставкадағы судьяларға бұл өзгерістер еш әсер етпейді", — деп жазды Құлшыманов.
Хатшының сөзінше, жұмыс берушінің қорға аударатын зейнетақылық жарнасы қазақстандықтардың дәулетін арттырып, еңбек өтіліміне сәйкес қомақты зейнетақыны береді.
"172 мың теңгеге жұмыс істеген 33 жыл көлемінде еңбек өтілімі бар адамды мысалға алайық. Отыз үш жылдың ішінде жұмыскердің жалақысынан алынған 10 пайыздық зейнетақы жарналары инвестициялық табысты қоса есептегенде шамамен 12,7 миллион теңгені құрайды. Мұның негізінде жалақының өсуі есепке алынбайды. Зейнетке шыққанда жұмыскердің зейнетақысы - 140 мың теңге болады. Оның ішінде жинақталған зейнетақысы - 110 мың, негізгісі - 30 мың теңге. Алайда, осыған ұқсас жағдайда жұмыс беруші аударған жарналардың арқасында жұмыскердің зейнетақысы 50 мың теңгеге артып, 190 мың теңгені құрайтын болады", — деп түсіндірді Қанат Құлшыманов.
Жұмыс беруші аударатын зейнетақылық жарналар мұраға қалдырылмайды және жеке тұлғаның мүлкі ретінде саналмайды.
"Жаңа өзгертулердің салдарынан жұмыскерлердің жалақысы қысқармауы тиіс. Еңбек шарттары мен талаптары сәйкесінше келісімшартта жасалған. Еңбек кодексіне сәйкес келісімшарттағы кез келген өзгертулер жұмыскердің және жұмыс берушінің келісімімен жүзеге асады", — деді баспасөз хатшысы.
Қазақстанда 2,2 миллионға жуық зейнеткер бар. 2019 жылғы зейнетақы 85 697 теңге. Оның ішінде негізгісі - 26 978 теңге, ынтымақтысы - 58 719 теңге.