Бюджет туралы заң жобасы мақұлданды
2019 ж. 04 шілде
4189
0
Мәжілісмендер «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заң жобасы мемлекет басшысының өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қолдау бойынша пәрменіне қарай әзірленген. Төменгі палатаның жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың аса мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуін қадағалауды тапсырды. Бюджеттегі өзгеріске сай тікелей инвестицияларды тарту қорын құруға бағытталған 370 млрд теңге қайта бөлініп, үш бағытқа жұмсалуы керек. Құжат Сенатқа жіберілді.