Метеориттің Аймен соқтығысқан видеосы жарияланды
2019 ж. 02 мамыр
10054
1
Испаниялық астрономдар метеориттің Айдың беткі жағымен соқтығысқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.
Ғалымдар телескоптың көмегіне сүйене отырып, метеориттің ұшу жолын анықтап, оның видеосын монтаждады. Басылымның айтуынша, 21 қаңтарда Айда жалын болғаны анықталған.
Ғалымдардың болжамынша, метеорит жердің серігіне сағатына 61 мың шақырым жылдамдықпен соқтығысқан.
Олардың айтуынша, метеориттің салмағы 45 келі болған. Ал соқтығыстың қуаты 1,5 тонна тротил деп есептеледі.