"Жер жұтып қоя жаздады": Қарағанды облысының әкімдігі тас жолда болған сұмдықты түсіндірді
2019 ж. 16 сәуір
9510
2
Қарағанды облысындағы Киевка және Осакаровка ауылдары арасында екі қытай жүк көлігі батып қалды.
Әлеуметтік желіде пайда болған видеода асфальт жол көліктердің дөңгелегі астында қақ айырылған.
"Киевка – Осакаровка тас жолы. Жер жұтып қоя жаздағандай", - деп жазады оқиғаның видеосын жариялаған Ботагөз Омарова.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға орнына комиссия аттанып, ахуалды зерттеген.
"Біріншіден: мердігер ұйым қыс маусымында жолдардың жағдайын қадағалау кезінде қателік жіберген. "ЖолСтройГрупп" ЖШС жолды шектен тыс ылғалдандырып, салдарынан осындай оқиға орын алды", - деп түсіндірді өңір басшысының баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Екіншіден, жүк көлігінің салмағы шектен тыс ауыр болған.
"Көктем кезінде салмаққа байланысты шектеу қойылады. Кей жүк көліктерінің салмағы рұқсат етілген мөлшерден екі есе асып кетеді: көліктік ыдыс 22 тонна болса, кузовының салмағы 40 тоннадан", - деп атап өтті Шаповалова.
Үшіншіден, жолдардың жағдайын қыста дұрыстап қарамағаны үшін наурыз айында "ЖолСтройГрупп" ЖШС атына сотқа шағым түсірілген.
"Қазір бұл жұмыстарға басқа мердігер ұйым жұмылдырылған. "Сембир 2009" ЖШС қазір Нұра ауданыныдағы жолдарды жөндеп жатыр", - деп түсіндірді ол.
Бұзылған жолдар жөнделіп біткенде, темір тұлпар иелері хабардар болады.