Өскеменде полиция қарт әйелді жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті (ВИДЕО)
2019 ж. 06 ақпан
2212
0
Оқиға Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында болды деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Қарт әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтемін деп Глубоковск аудандық полиция бөлімі қызметкерінің көлігінің астынан бір-ақ шықты. Түрлі жарақат алған тұрғын жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының салдары анықталып жатыр.