Әлдекімдер сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған қызды сабап кетті (видео)

Төсін жалаңаштап танылған тараздық бойжеткен Шырын Нарчаеваның соққы алған сәті жарияланды, - деп жазды stan.kz.

Шырын Нарчаева дәретханада соққы алды. Бұл көрініс түсірілген видео желіде жарияланды.

Кадрда модельге екі бейтаныс жігіт жақындайды. Олар бойжеткенді соңғы видеожарияланымы үшін жазаламақ болғанға ұқсайды.

Видеодағы айқайға қарағанда Шырынды бірнеше рет ұрған. Бір уақытта оны өзге ер адам арашалап, полиция шақыртады. Кейіннен Шырын мұрнының сорғалаған қанды жуып кетіреді. 

Оқиғаның шынында осылай болғаны әлде сценарий бойынша түсірілген видео екені белгісіз.

Айта кетейік, Тараз тұрғыны Шырын Нарчаева жалаңаш суреті үшін көпшіліктің талқысына түсіп, дауға ілікті. Желідегілер қыздың ұлтты қорлағанын айтып, қорқытып-үркітіп жатты.

","type":"video","providerNameSlug":"youtube","className":"wp-embed-aspect-16-9 wp-has-aspect-ratio"} ->