Семейде қарлы боран үйдің шатырын ұшырды (видео)

Семейде көп қабатты үйдің шатырын қатты жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға кеше болған. Оның бейнежазбалары әлеуметтік желілерде таралуда. Селевин көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің шатырын ұшырып кеткен екен. Адам шығыны мен зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланған жоқ.

ТЖД мәліметі бойынша, табиғаттың оқыс мінезі 64 шаршы метр көлемінде зақым келтіріп отыр.