Сұмдық! Қызылордада мұғалім жігіт сүйіктісінің басын кесіп алған деп айыпталуда (видео)

Қызылода қаласы Тасбөгет кентінде 21 жастағы бойжеткеннің өлі денесі табылды деп хабарлайды sn.kz Қызылорда қалалық ІІБ-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Оқиға 10 қазан күні Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Тасбөгет кентінде болған.

«Нексия маркалы автокөлігінің маңынан пышақ жарақатын алған 1992 жылғы ер адам мен 1997 жылғы қыздың өлі денесі табылды. Бойжеткеннің басы автокөліктен 40 метр қашықтықта жатты. Жігіт қалалық ауруханада жеткізілді.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті тұтқындалды», — дейді жергілікті ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әзірге қыздың нақты кімнің қолынан қаза тапқаны белгісіз. Алайда 31-телеарна тілшілері мәйіттің жанындағы жаралы ер адамның оның жігіті екенін және қызғаныштан сүйіктісінің басын кесіп алғанын мәлімдеді. Күдікті жігіт мұғалім екен. Ол өзіне де қол салып өлмек болған. Денелерін бірге жерлеуді сұрап хат жазып та қалдырыпты.