Түркия азаматы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін сабап тастады (ВИДЕО)
2018 ж. 19 қыркүйек
2913
0
Өзге ұлт өкілінің азаматы жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Анықталғандай оқиға Алматы қаласындағы Мақатаев көшесінде болған, - деп жазды qamshy.kz.
Алматы қаласы ІІД мәліметінше, жүргізушіні ұрып-соққан жігіт 1990 жылғы түрік азаматы. Жүргізушінің беті жарақатталып, қабағы жарылған. Оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілді.
«Оқиға Мақатаев көшесінде болған. Жүргізушінің беті-аузы қан-жоса. Есімі – Николай, шамамен 60 жаста. Жедел жәрдемде жұмыс істеп жатқанына ұзақ уақыт болған», - деп хабарлады ведомствода.
Ал ұсталған ер адам 1990 жылы туған Түркия азаматы. Оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бап 293 бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.