ІІД Алматыда киімсіз жүрген қызға қатысты түсініктеме берді (видео)

Алматы қалалық ішкі істер департаменті қаланың қақ ортасында киімін шешіп тастап, жалаңаштанып жүрген қыздың видеосына қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Алматыда белгісіз бойжеткен Төле би көшесінің бойында бүкіл киімін шешіп, тастап тыр жалаңаш жүрді. Қызды полицейлер тоқтатып ұстауға тырып еді, бірақ бойжеткен қарсылық көрсетті. Дегенмен, тәртіп сақшылары көшеде жалаңаштанып жүрген қызды ұстап, оның аты-жөнін анықтады.

«Видео тамыз айының басында түсірілген. Жалаңаш жүрген қыздың есі ауысқаны белгілі болды. Мысалы, кез-келген адам оның ауру екенін біледі. Полицейлер қыздың аты-жөнін бірден анықтап, оны туыстарына апарды», – деп түсіндірді Алматының ішкі істер департаментінен.

Естеріңізде болса, әлеуметтік желілерде Алматыда Төле би көшесінің бойында бүкіл киімін шешіп тастап, тыр жалаңаш жүрген қыздың видеосы жарияланды. Жалаңаш қызды көшедегі көлік жүргізушілерінің бірі видео түсіріп алып, ғаламторға жариялаған.