АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЙЕЛДІ ЖҰТЫП ҚОЙҒАН АЛЫП ЖЫЛАНДЫ СОЙДЫ (ВИДЕО)

YouTube-те Индонезиядағы Сулавеси аралында 54 жастағы әйелді жұтып қойған сегіз метрлік питонды жергілікті тұрғындар сойып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп жазады sputniknews.kz

Бір топ адам алып жыланның ішін тіліп, мәйітті сыртқа шығарды. Видеода әйел қоңыр шалбар мен күңгірт қызыл көйлек кигені көрініп тұр. Идонезиялықтың денесі шырышпен қапталған. Бұл дегеніңіз питон қорыту процесін бастағанын білдіреді.

Сулавеси аралының тұрғыны үйінен бір шақырым жердегі көшеттерді көріп келуге шығып кетіп, қайтып оралмаған. Әйел таңға дейін келмеген соң туыстары дабыл қағыпты. Әпкесі іздеуге шығып, жерден аяқ киімі мен шамды ғана тапқан.