Астанадағы өртенген үйде қасиетті Құран ғана жанбай қалған (видео)

0
3639

Астанада өртенген үйде Құран кітабы ғана оттан аман қалған. Бұл сәтті Аяжан Амантай есімді facebook қолданушысы өз парақшасында жариялаған. 

Айтуынша, жақында ғана өртенген үйде жанбай қалған Құран кітабының әр беті тап-таза күйінде сақталыпты. Қасиетті кітаптың осындай құдіретіне ол осымен екінші рет куә болып отыр.

Әлеуметтік желілер мен YouTube видеохостингінде Құранның құдіреті турасындағы видеолар көп кездеседі. Желі қолданушылары аталған видеоға «Алланың құдіретінде шек жоқ» деп және әйгілі «Мастер және Маргарита» шығармасынан «қолжазбалар өртенбейді» деген цитатаны мысал ретінде келтіріп пікір қалдырған.

Дереккөз: qamshy.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз