Қызылорданың қақ ортасында болған атыстан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

0
1859

Атыс Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінде болды, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің берген мәліметіне сәйкес, қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Сезіктілер  ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызылордада болған атыстың видеосы әлеуметтік желіде тараған. Видеодан ер адамның сөмкеден қаруға ұқсас затты алып шыққанын көруге болады. Көшеде кетіп бара жатқан қыздар жақын маңдағы ғимаратқа жүгіріп кірген. Артынша оқ даусына ұқсас дыбыстар шыққан.

Желіде тараған екінші видеода полицейлер оқиға орнын қоршауға алған.

Бүгін БАҚта хабарланғандай, оқиға кезінде оқ тиген жігіт ауруханада қайтыс болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз