Бауыржан Ибрагимов әнші Төреғалидің сахнадағы қылығын сынап тастады (ВИДЕО)

Белгілі театр тарланы Бауыржан Ибрагимов Tengrinews.kz порталының The Эфир жобасында қонақта болып, танымал журналист Ләйла Сұлтанқызының өткір сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Сахна саңлағы қазіргі уақытта қандай шаруалармен айналысып жүргені туралы, өзінің отбасы мен денсаулығына қатысты ақтарылып сыр шертті.

Сонымен қатар, бір кездері дауға айналған қонақ күйдегі жағдайға қатысты да түсініктеме берді. Еске сала кетсек, Бауыржан Ибрагимов еліміздегі қонақ үйлердің бірінде қызметші қызды балағаттап кеткен болатын. Бұл оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде таралып кеткен еді.

"Бауыржан шоудың" негізін қалаушы сахнагер атышулы Төреғали Төреәліге қатысты да өз пікірін білдірді. Киелі сахнаны мешітпен салыстырған Ибрагимов, сахнаның киесі ұратынын ұмытпау керектігін ескертті.