Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды
2017 ж. 27 қараша
2509
1
Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдаламасы дәстүрлі өнерге де дем беруде. Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды. 24 қарашада «Шебер-2017» республикалық байқауының соңғы кезеңі өтті.
Байқауға Қазақстан бойынша 90 өтініш келіп түскен. Ақтық сайысқа 36 бұйым өтіпті. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды. Жыл өткен сайын әділқазылар үздік шеберді анықтау қиынға түсіп жатыр, дейді. Себебі, қолөнер бұйымдарының сапасы жылдан-жылға жоғарылап барады. 2017 жылдың ең үздік шеберіне Қазақстан қолөнершілер одағының арнайы марапаты - «Хас шебер» атағы берілді.
Шараға қатысқан қолөнершілер "Рухани жаңғыру" аясында өтіп жатқан бұл байқаудың берері мол дейді. Олардың айтуынша, бұл қазақ қолөнерінің дамуына серпіліс сыйлайтын шара болмақ. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы қанат бітіріп, шабыт сыйлаған қолөнер шеберлері жаңа дүниелер тудыратыны анық. qazaquni.kz