Нұр-Сұлтанда жүргізілген арнайы операцияның видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтанда жүргізілген арнайы операцияның видеосы жарияланды

"Қарасора - 2021" республикалық операциясы аясында Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде есірткі арнасының жолы кесілді, сондай-ақ елорда аумағына есірткіні жеткізуді ұйымдастыру және сатумен айналысқан адамдар құрықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 маусымда Иманбаева көшесінде есірткі сатқаны үшін 26 жастағы астаналық тұрғын ұсталды, одан жалпы салмағы 200 грамм гашиш тәркіленді. Сонымен қатар, 29 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі жеткізуді ұйымдастырушы 37 жастағы ер адам ұсталды, көлігін тінту кезінде одан әрі сату үшін оралған 9 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Есірткі қылмыскерлерін ұстау бойынша арнайы операция үйлестірілген бірлескен жұмыстың арқасында, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларының ұзақ кешені нәтижесінде өтті, - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Жарылғапов.

Тәркіленген есірткінің "қара базардағы" бағасы шамамен 9 миллион теңгені құрайды.

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, елордаға есірткі жеткізуге қатысқан қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары анықталуда.