"Қарғыс атсын сені": Полицей мен жүргізушінің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр
2021 ж. 27 қаңтар
8735
0
Желіде жолай көлікті тоқтатқан жол полициясының видеосы жаппай тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.
Видеодағы оқиға Тараз қаласында болғаны белгілі болды. Онда Жол полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан.
- Атыңыз кім?
- Нұрлыбек.
- Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!
Осындай диалогтағы видео әлеуметтік желіге тарап қызу талқыға түсіп жатыр.
"Бірі жол сақшысы артық кетті десе, енді бірі тәртіпке бағынбаған көлік жүргізушісін айыптайды. Негізінде полицей жарық шамын жақпаған жеңіл көлікті тоқтатып құжатын сұраған. Алайда жүргізуші ереже бұзғанымды дәлелде деп қасарысып алады. Тіпті инспектор қызметтік куәлігін көрсетсін деп қырсығады. Екеуі біраз сөз таластырып, соңынды аға лейтенант жүргізушіні қарғап-сілейді. Басына бәле тілден келетінін білмеген сақшының мәселесін енді полиция департаменті майшаммен қарап жатыр" деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.