Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты (видео)
2020 ж. 14 қазан
1752
0

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінде пәтер өртке оранған.
Сарыарқа 11 мекен-жайы бойынша өрт туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне 14 қазан күні сағат 9:21-де келіп түскен. Куәгерлер 7-қабаттан қою қара түтін шығып жатқанын көрген, - деп жазды baq.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде оқиға орнына 20 өрт сөндіруші мен 6 техника шыққанын хабарлаған.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.