Арыс тұрғындары жарылыстарды естіген (видео)

Арыс қаласының тұрғындары жарылыстарды естіген. Әлеуметтік желілерде осындай хабар тарап кетті, - деп жазды 24.kz.

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, гарнизон аумағында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқан. Бұл туралы хабарландыруды әкімдік күні кеше фейсбук парақшасында жариялап, мессенджерлер арқылы таратқан екен.

Сондықтан жалған ақпарат таратқандар заң жүзінде жазаға тартылатынын ескертеді жергілікті билік.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Арыста әскери бөлімде ірі өрт болып, реактивті снарядтар қойылған қоймаға тиген болатын.