Ақтауда бір топ адамның ұсталған сәті видеоға түсірілді
2020 ж. 13 мамыр
1698
0

Ақтауда бір топ адамның ұсталған сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 мамырда 5 шағын ауданда шамамен сағат 20.30-да болған. Ақтау тұрғындары полиция көліктерінің бір жерге жиналып қалғанын камераға түсірген.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 12 мамырда Ақтау полиция басқармасының "102" нөміріне қоңырау түскен және 5 шағын аудандағы 4 үйде бір топ жас (10 адамнан көп) жиналғаны айтылған. Сол қоңырау бойынша Ақтау қаласы ПД патрульдік полиция батальоны шыққан.
"Оқиға орнында ұсталғандар Ақтау полиция басқармасына мәселенің мән-жайын анықтау үшін жеткізілді. Тұрғындарға үш адамнан көп болып, топтасып жиналуға тыйым салынатынын ескертеміз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.