Шымкенттегі сұмдық жол апатының видеосы жарияланды

Сарыағаш-Шымкент тас жолында төрт көлік соқтығысты. Он бес адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды sputniknews.kz.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 15 адам ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандар жоқ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді.

Төртінші көлік те осы бағытпен жүріп келе жатқан. Апатты көрген жүргізуші рөлді бұрып, жолдағы қоршауға соғылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.