Шымкент кафесінде болған атыстың видеосы жарияланды

Желіде Шымкенттегі кафелердің бірінде болған атыстың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі Shymkent online парақшасына сілтеме жасап.

Видеода Арғынбеков көшесіндегі кафеде болған атыс түсірілген. Видео кадрларынан ғимараттың терезелері сынғанын және жерде белгісіз бір адамның жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде күдікті делінген ер адамның суреті тарап жатыр.

Еске салайық, мұның алдында жергілікті БАҚ-тар Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тауып, тағы төрт адамның ауруханада жатқаны жайлы хабарланған болатын. Кейінірек полиция өкілдері атысқа қатысты пікір білдірген еді.

"Оқиға орны болған жерден қылмыс қарулары тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 287-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің аты-жөні анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері қылмыстық істі бақылауға алды", - деп хабарлады полициядағылар.