Талғат Теменов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында дара ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталған болатын.

Танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтан, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттен, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан Талғат Досымғалиұлы қабыл алып, қазақ өнерің артистеріне, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымына және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мырзаға жолдады. 

[video width="640" height="352" mp4="http://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2019/07/20190713040632100.mp4"][/video]