70 медальдың жеңісі қазақтардың қатарын көбейтсе игі...

Asiada-

VII қысқы Азия ойындарының қорытындысында Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарды Жапония және Оңтүстік Корея командалары иеленді.
Өткен жексенбі күні Алма­тыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында VII қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «тұңғыш рет 69 медальдар жиынтығы сарапқа салынғаны Азия ойындары үшін рекорд болып табылады» деп атап өтті.
Азия ойындары тарихында Қазақстан құрамасының 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға қол жеткізуі де – бұрын-соңды болмаған оқиға санатына жатады. Бұған дейінгі рекорд 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен алғашқы Азия ойындарында орнатылды. Ол кезде жапон елінің құрамасы 29 алтын медаль жеңіп алған.
Бұл жолғы ойындарда командалық есепте жапон спортшылары екінші орынды иемденді. Олар 54 медальді (13 алтын, 24 күміс, 17 қола) қанжығасына байлады.
Үшінші орын 38 медаль (13 алтын,12 күміс және 13 қола) еншілеген Оңтүстік
Ерлер арасындағы қосалқы могул жаттығуында қазақстандық Дмитрий Бармашов жеңімпаз атанды. Алматы, 3 ақпан 2011 жыл.
Корея спортшыларына бұйырды.
Салтанатты кеште қазақша, ағылшынша және Ресей тілінде сөз сөйлеген Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қысқы Азия ойындарының туын ендігі Азия ойындарының астанасы – Саппоро қаласының ұйымдастыру комитетіне салтанатты түрде табыс етті.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, әйтеуір, дүбіреген той нәтижелі аяқтады. Десе де, ағайын арасынан: «Азиада да 32 алтын медаль алғаныңды қайтейін, алтын медальға қол жеткізген қазақтар жоқтың қасы» деген өкпесі адамға ой салмай қалмайды. Бар-жоғы – Ескендір Нұғыманов (БКО) - 1 орын, Рауан Исалиев (БКО) - 1 орын, Зарина Токтиева (Алматы) - 1 орын, Талғат Жайлауов (ШКО) - 1 орын, Жібек Арапбаева (ОКО) -2 орын, Радик Жапаров (ШКО) - 3 орын, Абзал Рахымғалиев (Алм.обл) - 4 орын сынды азғана қандасымыз есімізге түсіп отыр.
Бұған кім кінәлі? – деген сауалға жұрттың көбі «өзімізден» деп жауап берсе, еш таңдануға болмас. Қазақстан спортының белі көтерілді, ал қазақ спорты қай деңгейде? - десек, тағы өзіміз ұяламыз.
Әзірше, «Үміт алда, Алға қазақстан!» - деп айғайлағаннан басқа не дейміз?!

Алтай Көктүрік