Ұрпаққа төнген қасірет

5
3460

Исі қазаққа, елім деп еңіреген ерлерге, ел ағаларына ҮНДЕУ

Қадірменді халайық ! Ата – бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қолымыз жетіп, егемен ел болғанымызға да біраз уақыт болды. Ата- бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап , бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерін қорғау біздің парызымыз. Сол кең байтақ жерімізге ие болар келер ұрпаққа үлкен кесапат төніп тұр. Ол кесапат – ішімдік . Алла Тағала ішімдік атаулыны адамзат баласы үшін харам етіп, оны ішуге тиым салған. Пайғамбарымыз (с.а.у) « Арақ ішпеңдер ! Себебі арақ барша жамандықтың кілті» деп үмметтерін харам нәрседен сақтануға шақырған. Арақ – азғырушы шайтанның бір құралы. Арақтың адамзат баласына тигізетін зияны шаш-етектен.Арақ ішкен адамнан иман қашады. Ішімдік бар жерден періште қашады, береке кетеді. Сол әзәзіл арақтың кесірінен қазағыма қаншама зиян келіп жатыр. Қаншама отбасының ошағы ойран болды, қаншасының шаңырығы опырылып ортасына түсті, қаншама отбасынан береке кетті. Тепсе темір үзетін азаматтарымыз бәрінен айырылып, қаңғыбас күй кешіп, иттермен бірге қоқыс төгетін жәшіктерді жағалап жүр. Аяулы ару қыздарымыз өзін қор етіп, арын сатып жүр.
Жетім бала, мүгедек бала, бәрі осы әзәзіл арақтың кесірі. Араққа әуес адамнан барлық адамгершілік қасиеттен жұрдай әлжуаз, әлсіз, намыссыз, ұсақ мінезді сужүрек ұрпақ тарамақ. Өз басын қорғай алмайтын адам елін , жерін қалай қорғамақ? Тарихқа үңілсеңіз, осы арақтың кесірінен қаншама ұлттың өз тілінен,ділінен және дінінен ажырап қалғанын көресіз.Тіпті тұтас бір ұлттың жоғалып кеткендері де бар.Арақты жоғары жақтан арнайы заң қабылдап жою мүмкін емес, оған да тарих куә. Бұл әзәзілден құтылу үшін, әр адам саналы түрде күрес жүргізуі керек. Бұл күресті әр адам өзінен бастаса ғана жеңіске жетпек.
Қадірменді ағайын !
Алла Тағала Қасиетті Құранда «Бір қауым өз-өзін өзгертпейіше, мен оларды өзгертпеймін» дейді . Ұрпағымызға, елдігімізге қауіп төндіріп тұрған әзәзілге аттандап қарсы шабатын уақыт жетті. Қазақтың тамыры ауылда, сондықтан бұл күресті ауылдан бастау керек. Арақ деген әзәзілді үйімізден, ауламыздан, ауылымыздан қуайық. Әр қайсымыздың да араққа кеткен есеміз бар. Намысыңды оят, жігеріңді қайра, қайратыңа мін, ағайын! Бұл Қасиетті күреске баршаңызды шақырамыз!

Алматы облысы, Сарыөзек «Ақ мешіт» мешітінің имамы Әлімжан Байқадамов және мешіт жамағаттары

Сонау Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан ұлан байтақ жерімізді ата- бабалармыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп , жуан білектің күшімен, көк найзаның ұшымен қорғап келген. Ата бабаларымыз не бір қилы заманды басынан өткерген.Мың өліп, мың тірілсе де намысын қолдан бермей, елдігін сақтап қалған. Сол кешегі арқалы айбынды қазақтың, «Итің жаман дегенде өлгенім ай » дейтін намысшыл қазақтың бүгінгі ұрпақтарының жайы қандай. Кешегі жылқы мінезді қазақ , қалай қой мінезді қазаққа айналдық. «Қарындастың қамы үшін» деп намыс жыртқан кешегі ер азамат неге қаңғыбас боп иттің күнін көріп, көшеде жүр?Ерлермен бірге намысын жатқа бермеу үшін жауына қарсы шапқан қазақтың қыздары, неге бүгін көрінгенге тәнін сатып жүр? Кешегі қазына қарттар неге бүгін қазымыр, қылжақбас шалға айналған. Қазағымның осындай күйге түсуі не себеп? Ақиқатын айтар болсақ, бұның басты себебі арақта. Атам қазақ ішімдік атаулыдан аулақ болған. Арақты қалай қайнататынын көрші қалмақтардан көрмеді дейсіз бе, көрді. Арақтың зиянды екенін білді. Сол себепті де, олар арақты ауылына жолатпаған. Қазыбек бек Тауасарұлы атамыздың «Түп-тұқияннан өзіме дейін» деген кітабында. Қалмақтар сүттен арақ қайнатып көп ішеді, сондықтан ұсақ мінезді болып келеді деп жазған.
Бұл арақ біздің қазаққа « сілекейі сідік татыған» отаршылармен бірге келген. Сол кезден бастап қарғыс атқыр арақ біздің арамызға мысқылдап ене берген.Алла Тағала Қасиетті Құранда адамзат баласына арақ ішуге тыйым салған . Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Арақ ішпендер! Себебі арақ барлық жаманшылықтың кілті» деген. Арақ адам баласының азғындауына себеп. Арақ ішкен адам барлық адамгершілік қасиеттен айырылады. Арақ ішкен адамнан әуелі иман кетеді,иман кеткен соң ұят кетеді, намыс кетеді. Ішімдікке әуес адамнан әлсіз, жігерсіз, ұятсыз, намыссыз ынжық ұрпақ дүниеге келеді. Егер осылай кете беретін болсақ , енді 70-80 жылдан кейін бойы бір тұтам , әлсіз бейшара ұрпақ дүниеге келмек. Өз басын қорғай алмайтын еркек өз отбасын, өз отанын қалай қорғамақ? Шығысымызды Қытайға, батысымызды орысқа, оңтүстігімізді өзбекке беріп, өзіміз солардың малын бағып жүруіміз әбден мүмкін. Тіпті сонау Кавказда таулықтардың малын бағып жүруіміз де мүмкін.
Өзіңіз ойлаңызшы , осы арақ деген әзәзіл бізге қаншама қасірет алып келіп жатыр. Қаншама үйдің отын сөндірді,қаншама үйдің бақытын ұрлады, берекесін алды. Арыстай азаматтарымыздың қадірін қашырып, бейшара халге жеткізіп, қор қылды. Аяулы ару қыздарымыздың арын аяққа таптатты.
Осы әзәзіл арақтың кесірінен жер бетінен жойылып кеткен ұлттар да бар.
Осыны түсінген кейбір халықтар араққа қарсы майдан ашқан. Ресейдің Тува Республикасында 5 жылдан бері ауылдарға арақты жолатпайды екен. Соның нәтижесінде ауылдағы халықтың әл- ауқаты жақсарған. Ал шешендер арақты тіпті елден аластатып жатыр.
Арақты жоғарғы жақтан заң шығарып тоқтату мүмкін емес. Алпауыт Америка арақпен 13 жыл күрескен, Түркия 3 жыл күрескен. Қызыл империя кезінде Горбачев та күресіп көрген. Бірақ барлығы нәтижесіз аяқталған. Неге десеңіз, олар арақтың өзімен ғана күрескен және сол заң шығарған адамдардың өздері сол арақтан тыйылмаған. Мысалға «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 20 жылдай уақыт болып қалды. Сол заңның орындалып жатқаны да шамалы.Өйткені сол заңды шығарған адамдардың өздері, олардың балалары мен немерелері қазақша сөйлемейді. Сондықтан да жоғарғы жақтан заң шығарып бұл арақты құрта алмайды екенбіз. Бұл әзәзілмен әр адам саналы түрде және жаппай халық болып күресу керек. Арақ деген әзәзілді «ұлтымыздың жауы» деп, оған қарсы ел болып қарсы шығатын уақыт жетті. Бұл соғыс әділетті күрес және біздің ұрпағымыз үшін абыройлы күрес болмақ. Ортақ жауымызды үйімізден,ауылымыздан қуайық. Арақтың құлы болып жүрген бауырларымызды құлдықтан құтқарайық. Бәріміздің де араққа кеткен кегіміз бар.
Баршаңызды ұрпағымыздың болашағы үшін Қасиетті күреске шақырамыз!

Ә. Байқадамов,
Сарыөзек мешітінің имамы

5 ПІКІРЛЕР

  1. amirге
    Бұл жерде әңгіме ұлтымыздың ұлт болып қалуы не қалмауы жайында болып отырғой қу арақтың кесірінен, сол туралы өз ойыңды білдіруің керек еді…Біреуі бүйрек десе, біреуі сирақ дейді дегендей болып тұр ғой.
    Жазылған мақаланың ішіне, көтеріп отырған тақырыбына мән берейік, әріптеріне емес…Жалпы қазақтың бойындағы осынау жаман қасіреттен қалай құтылуға болады, қандай жолы бар, осы турасында ой салайық…

  2. Мешіттің им амыӘ. Байқадамов өзі сілтеме жасаған Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» деген өтірік кітапта Ислам діні туралы не жазғанын біле ме екен? Асыл дінімізге лағынеттер жаудырған ғой (Балғабек Қыдырбекұлы, кітаптың негізгі авторы)

  3. Жамандыққа қыймайсыңдар ғой қу арақты , Әй өншең маскүнемдер !!! Ынжық сорлылар . Жүріңдер сол араққа құл болып. Кім көрінгеннен таяқ жеп. Саясатпен айланысам дейсіңдер өздеріңше ,саясат сендердің не теңдерін.Саясаттан «С» әріпін білмейсіңдер. Өй өңшең малдар -ай .

  4. Ей қазақтар !! қазақтар !! бұрын мен қазақтарды “бараны” дегенде намыстанушы едім. Шыныменде сендер мал болып кеткенсіңдер ме ? Үндемейсіңдер ғой мал сияқты. Намыс деген қайда бұрын аталарың итің жаман дегенде өлгенім ай дейді екен. сендерге әйелдерің , қыздарың жәләп деседе пық демесіңдер ғой. Әйелдеріңді жәләп, өздеріңді ешкі жөндегіш қылып кино түсіріп әлемге көретіп масқаралап жатса, сендер ол адамды Алтын адам деп мақтап жатсыңдар. Сарттарға күлуші едіңдер ” Есек жөндейді ” деп , енді сендерге күлетін болды ғой . Салт-дәстүге айлынып кетпесін, тезірек сол киноның көзін құрпасаңдар салт – дәстүрге ” точно” айланады “ешкі жөндеу”.Әй , сендер шынымен мал болып бара жатсыңдар. Туларың анау мөшек болып жатқан , теңгелерің анау лоторейный билет сияқты, тіпті оданда нашар. Тарихта ұлттық валютасын қате жазған ел жоқ екен, ал сендер масқара болдыңдар, өздерің соған мәзсіңдер қате кетіп қалыпты деп. Тәуелсіз елміз деп мақтанасындар ә ! Қайсы сол тәуелсіздіктерің өз елдеріңде жүріп қор болып жүсіңдер. Тілдерің анау түкке жарамайды тіпті анау сасық орысты боқтағанға да жарамайды, әйтеуір мал қайырғанға жарайды, 20 жыл болды Тіл туралы заң шығарғандарыңа өздерің сол заңға мазақ етіп жүрсіңдер. Тіпті Ата заңдарыңдыда мазақ етеді басқалар . Ал сендер пық демейсіңдер, мал сияқты. Жүз граммдарыңды жұтып алып, ыржалаңдап мәз болсындар. Сендерде намыс жоқ намыстың бәрін арақпен өшіріп тастағансыңдар. Шеттеріңнен маскүнемсіңдер. Алматыдағы вокзалда жүрген БОМЖ дардың арасынан орыс пен қазақтан басқа ұлттарды көріппе едің. Намыстанбайсыңдар ә !
    Кавказға кел намыстың не екенін көресің, сендер намыстың не екенін ұмытып қалғансыңдар. Әй, оянбайсындар ма !!!!!

  5. Ей! қазақтар !!!! молдекеңнің мақалсын 39 рет оқыпсыңдар , бірақ бірде бір пікір білдірмепсіңдер, арақты жамандыққа қыймайсыңдар ә !! Егер Үкіметті жамандап мақала жазсса бәрің бытырлатып жазушы едіңдер. Ия арақ деген сендердің достарың ғой «Қазақ пен арақ» Дастархандарыңның сәні, өмірлеріңінің мәні ғой. Сендерде намыс деген жоқ , оны арақпен улап өлтіріп тастағансыңдар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз