Бұрынғы оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырғандары туралы айтып берді (фото)
2016 ж. 18 мамыр
3900
1
ҰБТ-ның басталуына бір айдан астам уақыт қана қалды. Бұл сынақ оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де мазасын қашырған. Осы орайда, ҰБТ тапсырған бұрынғы оқушылар NUR.KZ порталында өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Гранттар бәріне жетпейтіні анық»
Аида: Айтарлықтай тексермеді, телефонды да, шпаргалканы да алып кіре алдық. Металл іздегішке ұсталып қалмас үшін телефонды фольгаға, резеңке қолғапқа орадық. 70 пайызы көшіреді, өз күшімен тапсырып отырғандар санаулы.
Тест тапсыруға мұғалімдер көмектесіп отырады. Олар менің сыныптастарымның айтуынша, бір сұрақтың жауабы үшін мың теңгедей алады.
ҰБТ - жолы болғыштардың ғана бағы жанатын сынақ. Бірі қатаң тексеретін аудиторияға түссе, енді бірі өзге аудиторияда емін-еркін көшіреді.
Кейбірі есінен танып жатқанын, ал енді бірі ҰБТ-ға қатаң тексеріске түсетін күні бармау үшін, тіпті әдейі бармақтары мен қолын сындыратынын естідім.
«Бұл жолы болушылыққа арналған ойын…»
Гүлмира: ҰБТ - психикаға сынақ. Мұғалімдер құласаң не болатынын айтып алдын ала қорқытып тастайды.
Көшіру мүмкіндігі бар. Бірнеше жауапты телефоныма алдым. Бірақ бұл көмектеспеді. Оқушыларға берер кеңесім, адал дайындалу керек.
Роза: Мен ҰБТ-ны жақсы сынақ деп айта алмаймын. Бұл - жолың қаншалықты болатынын сынайтын ойын... Эмоционалды тұрғыдан ауыр сынақ. Менің сыныптасым күйзелістен он келіге азып кетті.
Менің жолым болмады, терезе жабық болғасын, сұрақтарды лақтыра алмадым. Телефон мен шпаргалка алып кіргеніммен, қатаң тексерістен оларды пайдалана алмадым.
«ҰБТ-ны 40 минутта жазып тастады, қалған уақытта ойнап отырды»
Екатерина: Мен мүмкіндік болса да, көшірмедім. Аудиторияда ауа тар болды. Қасымдағы сыныптасым мүлдем күтпеген сұрақтар келгесін, жылап отырды. ҰБТ - тек ақшасы мен көкелері барларлардың еш қиындықсыз грантқа түсуіне мүмкіндік беретін сынақ. Келісіп жауабын алу мүмкіндігі де, байланысқа шығу мүмкіндігі де жақсы болды…
Тимур: ҰБТ-дан айтарлықтай грантқа түсемін деп үміттенбедім. Себебі, телефонды бәрі алып кірді. Ал телефон байланысы ара-арасында әдейі қосылып тұрды.
Бізге тестті тарата бастағанда алдымдағы жігіттер оны тез фотоға түсіріп, телефонмен жіберіп үлгерді. Ақыры олар 40 минутта дайын жауаптарды көшіріп, қалған уақытта ойнап отырды. Олардан телефонды ешкім тартып алмады.
ҰБТ қанша тұрады және әжетхананың терезесінен нендей қулықтар жасалады?
Мадина: Мен "Алтын белгіні кез-келген айла-тәсілмен қорғап шығуым тиіс едім. Біз өз мектебімізде тапсырдық. Мен отырған аудиторияда барлығы тапсырманы телефон арқылы жібере алды. Алайда жауабын ала алмай қалды. Байланыс болмады.
Жауабы бар флешкаларды да ала алмады.
Телефонның флешкасын дәретхана терезесінен сіріңке қорабымен лақтырады. Ол үшін, тіпті терезе ашатын арнайы тұтқалары сол жердің қоқыс жәшігіне тығылғанын біз жақсы білдік.
"Алтын белгімді" қорғай алдым. Ал ҰБТ-ның жауаптары сатылатыны анық.
Мөлдір: Екі жыл бойы дайындалғандықтан, жақсы тапсырып шықтым, 112 балл жинадым.
Ольга: Аяқ-киімінен бастап түрлі жерлеріне телефон жасырып кірді. Мүлдем жаман оқитын сыныптасым жауаптарын телефон арқылы алып, грантқа түсіп кетті.
Мұнда негізінен қулығы басым, қалталы балалардың дәурені жүреді.
«Ал ол етегін көтере береді…»
Ермек: Жақсы тапсырдым, грант үшін жеткілікті. Телефон пайдалану әбден мүмкін. Қасымда бір қыз отырды. Шпаргалканы юбкасының етегіне салыпты. Соған қарау үшін қайта-қайта етегін көтеріп отырды. Ал менің көзім соған түсіп кете бергендіктен, біраз уақыт жоғалтып алдым.
Динара: Мен 110 балл жинадым. Барынша жатпай-тұрмай дайындалған болатынмын. Психологпен жұмыс та көмегін берді. Өзім телефон қолдануға қорыққаныммен өзгелер оп-оңай пайдаланып отырды.
Ұлпан: Ауылға кетіп, сол жерде барынша дайындалдым. "Алтын белгіні" қорғай алмасам да, грантқа іліктім.
Сания: Мұғалімдер мұның рулетка екенін, жолы болғыштардың бағы жанатынын бірден айтты. Өз күшіңмен жазайын десең, тексергіштердің айқайынан ойыңды жинақтау қиын.
«Мен батареяда асылып қалмақ болдым…»
Мансұр: Максималды балл жинауым керек болды. Сол үшін телефон алып кірдім. Алайда, тексергіш әйел мені ұстап алып, телефонымды тартып алды. Жауаптарыңды есепке алмаймыз деп моральды тұрғыдан қорқыта бастады. Қасымнан шу шығарып кетпей қойғасын, есікті теуіп аудиториядан шығып кеттім. Кейін оқу орнының подвалына түстім. Алайда мені сыртқа шығармай қойды.
Мен батареяда асылып қалмақ болдым. Бірақ мені қызметкер тоқтатып, сабырға шақырды. ҰБТ-ны аяқтап жазуыма мүмкіндік берді. Мен үндемей аудиторияға кіріп өз күшіммен жазып шықтым. Ақыры 108 балл ғана жинадым. Әдетте одан жоғары жинайтынмын.
Көңіл-күйім түсіп кетті. Үлкен жауапкершілік мойнымда болғасын, осындай ақымақтыққа бардым. Бір жылдан кейін ғана бұл әрекетім үлкен қателік болғанын түсіндім. Ата-анам бұл туралы білмейді. Ал директор болса, болған жайтты ешкімге айтпауымды өтінді.
Дерек көзі: NUR.KZ