Немістердің баю жолы
2016 ж. 15 сәуір
5483
2
Сонау сойқан соғыстан күл-талқаны шығып қирап қалған Германия неге тез арада байып кетті? Философ А. Айталы өзінің «Ұлттану» кітабында мынаны айтады: «Патриотизмнің іргетасын экономикалық көзқарастар құрайды», – дейді ол. Сөйтіп, неміс- герман патриотизмінің мынандай өсиеттерін келтіреді. Бұл өсиеттен бізге де үлгі алуға, үйренуге болады, оқырман қауым.
Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.
…
Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда, өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.
…
Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.
…
Шетелден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.
…
Дастарқаныңа шетелдің етін, майын т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруашылығына зиян келтіреді.
…
Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясына малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.
…
Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.
…
Тек неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки…
Міне, неміс патриотизмінің ұраны осындай.
Дерек көзі: dalanews.kz