Ажалдан аман қалған сарбаздың ата-анасы Елбасыға хат жолдады
2016 ж. 11 сәуір
2797
18
Өз өмірін бәйгеге тігіп, Ұлттық ұлан сарбазының жанын сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке деген ризашылығын білдіруге және батырды марапатқа ұсыну үшін сарбаздың ата-анасы мен бауырлары Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жетекші құрамына Қазақстан Республикасының Президентіне жазған хатын ұсынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Осы жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицері полковник Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, Ұлттық ұлан сарбазы, біздің ұлымыз қатардағы Абзал Сұлтанқұловты өз денесімен граната жарылысынан, яғни өлімнен арашалап қалды.
Құрметті Елбасы, Сіз Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне Қазақстан халқының тыныштығын сақтауды сеніп тапсырдыңыз, олар өз кезегінде өздерінің әскери міндеттерін толыққанды абыроймен атқаруда және егеменді еліміздің бейбіт өмірін күзету жолында адал қызмет етіп жүр.
Біздің ұлымыздың өмірін сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке және Ұлттық ұланның барша офицерлеріне тағы да зор алғыс айтқым келеді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына береке тілеймін. Олардың еңбектері шынайы бағаланса деймін!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздерге шексіз алғысымды білдіре отыра, жігерлі қайсарлығы мен батыл іс-әрекеті үшін Сізден полковник Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградамен марапаттауыңызды сұраймын!
Оның істеген ерлігі ескерусіз қалмай бағаланса екен деймін!
Құрметпен,
қатардағы Сұлтанқұлов Абзалдың ата-анасы мен бауырлары:
әжесі: Жайшиева Хадиша
Әкесі: Жайшиев Райымжан
Анасы: Жайшиева Кәмила
Тұрғылықты мекенжайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.
qazaquni.kz