Еліміздің руханиятына тың серпіліс әкеледі
2016 ж. 14 наурыз
1673
0
Эрнест ТӨРЕХАНОВ, жазушы:
Алдағы сында алты партия бақ сынағалы жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі таңда жер-жерде үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы тұста халыққа партиялардың сайлау алдында қандай істі атқаруға уәде етсе, биліктің төрінен табылғаннан кейін де сол айтқан дүниелерін орындағаны керектігін баса айтқым келеді. Яғни, партияның әрбір мүшесі сөздің емес, нақты істің адамы болғандығы керек. Бұл тұрғыда осы уақытқа дейін де халықтың мүддесін қорғап, үдесінен шыға білген «Ақ жол» партиясына сенім білдіремін.
Партия халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы жүйелі жұмысын жалғастыра отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламасында атап көрсеткендей: «Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамытуға» одан әрі күш салмақ. Бағдарламаның осы бағыты бойынша, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен көбейтуді, мәдениет пен өнерді дамытудың нысаналы бағдарламаларын сапалы іске асыруды қамтамасыз ету арқылы еліміздің рухани саласына тың серпіліс әкелмек. «Ақ жол» партиясына сәттілік серік болсын!
Дайындаған Гүлмира Садық
Материалдың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясы сайлау қорынан төленді
qazaquni.kz