Қазақстанда оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу қағидалары бекітілді
2016 ж. 12 наурыз
3412
12
Қазақстанда оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңіәрлік квотасын енгізу қағидалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы
2016 жылғы 15 қаңтар №20 Астана қаласы
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына сəйкес бұйырамын:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан əрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында жəне «Əділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б.НҰРЫМБЕТОВ.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрінің міндетін атқарушы ___________________Ж.ҚАСЫМБЕК
2016 жылғы 28 қаңтар
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ___________________Е.ЫДЫРЫСОВ 2016 жылғы «___»______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №20 бұйрығына сәйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары ресми баспасөзде жарияланды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат