Тәуелсіздік, отан, ұлтшылдық жайындағы ой түйіндер

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады.

Қазыбек би.

***

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді – анаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Төле би

*   *  *

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Әйтеке би

 

* **

Дүние жүзінде өмір сүрген және өмір сүріп отырған ұлттардың ішінде рухы жағынан шынайы демократ болып туған жалғыз ұлт ТҮРІКТЕР екеніне әбден сенулеріңізге болады...

Бостандық және тәуелсіздік - менің мінез-құлқым. Мен ұлтымның және ұлы баба­ларымның ең құнды мұрасы - тәуелсіздікке құш­тарлық сезімі кеудесін кернеген адаммын...

Біздерді «ұлтшылдар» дейді. Бірақ біз ұлтшыл болғанда да, өзімізбен ынтымақтастық жасайтын барлық ұлттарды құрметтейтін, олардың ойынан шығатындай ұлтшылдармыз.

Түрік ұлтының мінезі - асқақ. Түрік халқы - еңбекқор халық. Түрік халқы - зерек халық. Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа күштерді жеңе білді. Түріктің түріктен басқа досы жоқ. «Мен түрікпін» деген адам қандай бақытты!

Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн!

Мұстафа Кемал Ататүрік