ҚАЗАҚСТАНЫМ – жасыл орманым

(тәуелсіздік тартуы)

(Соңы. Басы өткен санда)

 

Көк жүзінде бауырын еркін жазған қырандай көк байрақ қалықтап тұрса, ақын халықтың ұлы болғандығымыз үшін қалайша тебіренбеспіз?!

 

Туы толқып Алатау бөктерінің,

Жалауланса, жалындай көк бөрінің.

Көз сүзіп сол байраққа қарай берем,

Көсегесі көгеріп көктемімнің.

Құйылғандай құдірет күн ішінен,

Қандай көркем,

                аспанның нілі сіңген!

Көлдердің көлеңкесіз келбетіндей,

Желбірейді жел сүйсе, тынысы кең.

 

Тұнықтықтың дегендей айғағы едім,

Айбары елдің,

Арындай байрағы елдің.

Жалғастырып жатқандай махаббатын,

Аспанға ғашық болған айна көлдің.

 

Арайланып атқанда ырыс – таңым,

Толқынымен ойнатар күміс сағым.

Сол байрақ көрсетіп тұр көк жүзінде,

Табиғатпен қазақтың туысқанын.

 

Тамашалап, көк тудың көркін ғажап,

Көңілімде дәл сондай желпінді ұзақ.

«Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп тұрғандай,

Қырандай қанат керген Еркін Қазақ!

 

Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңба­сына келер болсақ, өз тіліміздегі «таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген екен. Елтаңба негізінен жайма тақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады. Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде алынған.

Елтаңбаның түсі ерекше талғаммен таңдап алынған. Көгілдір мен алтын түсті. Алтын түс – Қазақстанның жарқын болашағын бейнелесе, көгілдір түс – халықтың бірлігі мен елдің бүкіл әлемге деген ашық көңілін білдіреді.

Демек, біздің туымыз, елтаңбамыз ескі түркіліктің дәстүрін есімізге салып, қазақтығымызбен мақтануымызға қанаттандырып отыратын елдік нышандарымыз болып табылады.

Біз Алматыға ат басын тірегенімізде, ел астанасы осы байырғы қалада болатын. Бала күнімізде Қазақстан жағының радиосын үлкендер ұрлап тыңдап жатқанда «Алматыдан сөйлеп тұрмыз, сөйлеп тұрған Алматы» деген сөздер құлағымызға сондай жылы естілуші еді. Сол, айналайын, Алматы, «басынан қар, бауырынан ел кетпеген» Алатау бізді ыстық құшағына алды.

 

Шортандайын шоршып

қашып шолақ түн,

Құз басына күліп шықты жомарт күн.

Мекен жердің мейіріне емініп,

Алатауым,

Ата тауым,

қол арттым.

 

Жаз күніңде жайраңдасам теріп гүл,

Көңіл қозым марқаяды еміп нұр.

Отыз атты орда бұзар шағында,

Ойшыл ұлың орманыңа келіп тұр.

 

Ана – Ертіс, арда емізген ұл едім,%