МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ПАРТИЯЛАР АТЫНАН

Қазақ  халқына

Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының Премьер министрі  К. Мәсімовке

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы  Қ. Тоқаевқа

Қазақстан Парламент Мәжілісінің Төрағасы  О. Мұхамеджановқа

Парламент депутаттарына

Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасына қатысты төмендегіше мәлімдеме жолдаймыз!

Ана тіліміз ұлтымыздың жаны, мәдениетіміздің негізгі бөлшегі және елдің рухани құндылығы. Осы орайда, ҚР Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» болып тұрса да, Ана тілдің бүгінгі ахуалы  мүшкіл. Қазақстан тәуелсіздік алғанына 20 жылға аяқ басты, Тіл туралы Заңның қабылданғанына міне табаны күректей 22 жыл толып отыр. Содан бері ұлт зиялылары, атақты жазушылар, ғалымдар мен тіл жанашырлары талай мәрте бұл маңызды мәселелерді көтерді. Бірақ, Қазақстанда мелекеттік тілді енгізу және дамыту, іс жүргізу осы уақыт ішінде өз шешімін тапқан жоқ.

Атап айтатын болсақ, министерліктерде, мемлекеттік органдарда, департамент және басқармаларда мемлекеттік қызметкерлер формалды түрде ғана оқытылады. Оның дәлелі, Үкімет жиындарының бәрі орыс тілінде өтеді. Әлі күнге дейін Сенат, Мәжіліс депутаттары Заң жобаларын орыс тілінде дайындап, қазақ тіліне аударып отыр. Сондай-ақ, Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жартысынан көбісіне білім – орыс тілінде жүргізіледі. Ал, Астана қаласындағы орыс мектептеріндегі оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру сапасы өте төмен. Бір сөзбен айтқанда 9 жыл бойы мектепте дәріс алған орыс және өзге ұлт балаларының қазақ тілінде аты-жөнін айта алмауы, бұл Білім және ғылым министрілігінің дәрменсіздігі, Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің құзыретсіздігі.

Көпшілік республикалық қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, партиялар ҚР Мәдениет министрлігі ұсынған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын 10 жылдың орнына 3 жылмен шектеуді ұсынды.

Мемлекеттік тілдің тағдырына толғанған қоғамдық ұйымдар, тіл жанашырлары мен ұлт зиялылары мемлекеттік тілдің мәртебесін сараптай келе, билік басындағыларға мынандай талаптар қояды :

1. Астана қалалық «Мемле­кеттік тіл» қозғалысы мен қаладағы басқа да қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы туралы жұртшылыққа ҚР Үкіметі, Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті және облыс, қала, аудан әкімдері 10 жыл ішінде қандай шаралар атқарғандығы, ненің орындалмағандығы жайында есеп беруін талап етеді. Кім кінәлі, айтсын!

2. ҚР Үкіметі даярлаған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын талқылаған партия, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым, тіл жанашырлары аталған бағдарлама жобасындағы 10 жылдық  ұзақ мерзімді қабылдамайтындықтарын білдіреді. Тілді үйренуге шынайы ықылас болса, 2-3 жыл жеткілікті. Ана тілін, Конституцияда жазылған мемлекеттік тілді 33 жыл оқыған - әлемде ешбір халық, ешбір мемлекет жоқ.

1. Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы, ҚР Дипломатиялық қызмет қайраткері, профессор Батырша-ұлы Сайлау

2. «Қазақстан оралмандар одағының» төрағасы, профессор Үкібаев Артықбай Қынабекұлы

3. Қазақстан ғалымдар одағы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Өтелбаев Мұхтарбай

4. Астана қаласы Қарттар үйінің директоры Бәпішев Кенжебай Сапарұлы

5. Астана қалалық Жазушылар одағы басқарма мүшесі Сомжүрек Жұма-Назар

6. «Парыз» қоғамдық қорының төрағасы Жақып Әділбек

7. «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Ералы Әнуарбек

8. «Нағыз желтоқсан» қоғамдық қорының төрағасы Сағынаев Асқар

9. «Ас жұлдыздары» ұйымының төрағасы Икібаев Рахат Қалиакперұлы

10. «Республика» үкіметтік емес ұйымының директоры Тасқынбаева Айгүл

11.  Астана қаласы Алматы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ысқақов Әлімқұл

12.  Астана қалалық Адвокаттар атынан Төлегенова Тұрсын

13.  «Семей–ЯП» ядролық апатқа қарсы қоғамдық қорының төрағасы Әбдікәрім Болатбек Исаұлы

14.  ЖСДП «Азат» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Әлібаев Серікбай Бәриұлы

15.  «Еуразия дисконт» бірлестігінің төрағасы Сырғабаев Асқар Жорабайұлы

16.  «Оян, намыс!» журналының редакторы Шәмші Жұмамұрат Кеңесұлы

17.  «Оралмандар одағы» басқармасының төраға орынбасары Ақтайлақұлы Алмабек

18.  «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Әбсаттарұлы Фазылбек

19.  Сарыарқа аудандық «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрайымы м.а. Молдахметова Күләш Кәйланқызы

20.    «Дипломат Нәзір Төреқұл-ұлы» қоғамдық қорының төраға орынбасары Жексенбаева А.

21.    Астана қаласы «Халық рухы» партия басшысы орынбасары Өмірбаева Хадиша

22.    «Тауелсіздікті қорғау» қозғалысының қалалық басқарма төрағасы Шымшықов Жанкелді

23.    «Ұлт тағдыры» Астана қалалық қоғамдық ұйымының төрағасы Серік Ерғали

24.  «Туған жер» қоғамдық бірлестіктің басшысы Бейсен Ахметұлы

25.  «Қазақстандағы Парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Батталова Зәуреш

26.  «Адам құқығы миссиясы» (Миссия по правам человека) қоғамдық бірлестіктің басшысы Бижігітов Ардақ

27.  «Демократия институты және адам құқығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Біләлов Болатбек

28. «Ұлт бірлігі» қоғамдық қорының төрағасы Шекербекұлы Бауыржан

29.  «Ілтипат» бірлестіктің төрайымы Жанмурзина Табиа

30. «Бугалтер-аудиторлар ассоциациясы» төрайымы Ешмуханбетова Орынбасар

31. «Азаматтық қоғам» (Гражданское общество) бірлестігі, Астана қ. филиалының төрағасы Аулай Бақыт

32.  «Ақ орда» ақсақалдар қоғамы атынан Әубәкіров Қонысбай

(Жалғасы келесі санда)